Алматы қаласы мен Венгрия астанасы арасында тікелей рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Премьер-Министр Асқар Мамин мен Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары Михай Варганың кездесуінде айтылды. Осы жылғы қыркүйектің өзінде Нұр-Сұлтан және Будапешт қалалары арасында тұрақты тікелей әуе қатынасы жаңартылған болатын.
Сондай-ақ маусым айында Венгрия Қазақстанмен вакциналау паспорттарын өзара тану туралы келісім жасасқан алғашқы еуропалық ел болды. Кездесуде қос тарап сауда-экономика, қаржы-банк, инвестиция, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, Агроөнеркәсіптік кешен, жаңартылатын энергетика, фармацевтика, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Үкімет басшысы екі елдің сауда-экономикалық қатынастары мен инвестициялық ынтымғының даму әлеуетін атап өтті. Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы аясында бірқатар салаға қатысты бірлескен жобаларды іске асыру бойынша келісімшарт жасалды.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Венгрия премьер-министрінің орынбасарын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147090/)