Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді.
Бұл жолы ауру ошағы Тимирязев ауданында анықталды. Дружба ауылында 230 қаз-үйрек пен тауықтың өлексесі өртелді. Иелеріне өтемақы төленеді. Қыркүйек айында М.Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылында да құс тұмауы тіркеліп, мыңнан астам қанатты қырылып қалған еді. Биыл өңірде қауіпті инфекцияға қарсы 1 млн дозадан астам вакцина бөлінді.
Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:Ауыл әкімінің шешіміне сәйкес 1 аулада шектеу шаралары енгізілді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық референттік орталықта жасалған сараптама құс тұмауын растады. Аталған елді мекенде жыл басынан 2500-ге жуық құсқа вакцина салынды. Жағдай мамандардың бақылауында.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147092/)