Ресейдің Набережные Челны қаласында 5 қабатты үйде газ жарылды. Соның салдарынан ғимараттың бір бөлігі опырылып түскен. Жергілікті билік өкілдерінің дерегінше, кемінде 4 адам жараланып, екеуі үйінді астында қалып қойды. Тағы 30-дан астамы қауіпсіз жерге көшірілді.
Ресейде мұндай апаттар ешкімге таңсық емес. Өйткені инфрақұрылым ескіріп, сақтық ережелері үнемі сақтала бермейді.
Қыркүйекте Ногинск қаласында дәл осындай оқиғадан 2, Липецк облысында 3 адам мерт болды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде тұрғын үйде газ жарылып, 4 адам жараланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147112/)