Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі екі аптада 4,5 есе азайған. Бул туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Қазір мұнда еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралып жатыр.
Алексей Цойдың айтуынша, елдегі ахуал жақсарып келеді. Жұқтыру азайғалы ауруханалардағы орын 63 пайызға дейін босаған. Сол үшін провизорлы орталықтарды жабу жалғасып жатыр. Ал 8 миллион 200 мың адам COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін алған.
Сондай-ақ Үкіметте жұртты жұмыспен қамту мәселесі де қаралды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі екі аптада 4,5 есе азайған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147116/)