АҚШ-тың Айдахо штатындағы сауда орталығында атыс болып, 2 адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Зардап шеккендердің ішінде полицияның бір қызметкері бар. Қантөгісті жасаған күдікті тұтқындалды.
Осында жұмыс істейтін сатушылардың бірі Джой Бернал жергілікті газет тілшісіне айтқандай, шабуыл кезінде 7-8 рет оқ атылған.
Әзірге шабуылшының аты-жөні жарияланбай отыр. Сонымен қатар, құрбандардың кім екені туралы мәлімет таратылған жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ: Сауда орталығында атыс болып, 2 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147130/)