Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ пандемияға қарсы күрес шараларына, климаттың өзгеруіне және аймақтық күн тәртібіне қатысты мәселелер сөз болды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Михай Варганы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Біз сіздің Қазақстанға деген достық ілтипатыңызды білеміз. Сіздің елімізге жасаған сапарыңыз табысты болатынына және екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін.
Михай Варга, Мажарстан премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:Кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс айтамын. Әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы байланыстардың даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Сізге пандемия кезінде көрсеткен қолдауыңыз үшін алғыс айтамыз.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Мажарстан Премьер-министрінің орынбасарын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147157/)