Еліміз бойынша бір тәулікте 1353 адам коронавирус жұқтырды. Бұл ауру жұқтыру деректері біршама азайды деген сөз. Соңғы аптада індетке шалдығу көрсеткіші 11 пайызға төмендеген. Нұр-Сұлтан қаласы қауіптің қызыл деңгейінен сарыға ауысты. Бүгінгі мәліметке сәйкес, қызыл аймақтар тізімінде: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал, Сары аймақтар қатарында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Қалған өңірлер жасыл аймақта.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте 1353 адам коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147160/)