Испанияның Пальма аралында жанартаудан төгілген лава бұрын зардап шекпеген аумақтарға қауіп төндіріп тұр. Жанартау кратері жартылай опырылып, отты көшкіннің ағуы жылдамдай түсті. Испания билігінің дерегінше, лаваның ені 3 шақырымға ұлғайған. Жанартау осыдан 5 апта бұрын атқылай бастады. Содан бері қауіпті аймақтан 7 мың жарым тұрғын көшірілген. Лава 2 мыңнан астам ғимаратты қиратып, 900 гектар егістік жерді күлге айналдырды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пальма аралында жанартаудан төгілген лаваның аумағы кеңейіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147165/)