Елордада борышкер сот орындаушысына балта ала жүгірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада борышкер сот орындаушысына балта ала жүгірген

27.10.2021

Елордалық борышкер сот орындаушысына балтамен айбат шекті. Оның жалпы сомасы 197 мың және банк пайдасына 359 мың теңгедей берешегі бар екен. Соны өндіру үшін әкімшілік айыппұл салу туралы құжат шыққан.

Алайда былтырдан бері қарызын қайтармаған. Ақырында «ВАЗ-2115» маркалы көлігін тәркілеуге тура келген. Полицейлермен  тәркілеу кезінде көлік иесі балтамен шабуылдаған. Тәртіп сақшылары борышкерді уытты газ баллонын шашып, басқармаға алып кеткен. 

Хабарламаларға жазылу