Ақтауда мектеп оқушылары химиялық заттан уланып қалды. Ата-аналар дезинфекциялық химиялық препаратың салдары деп отыр. Өйткені, сабақтан ауырып келген балалардың көзі қызарып, жөтел пайда болған. Дәл осындай белгілер көрші сыныптағы оқушыларда да байқалған.
Елена Стазаева, қала тұрғыны:
Мен бірден дәрігерге көрсетіп, тиісті талдауларды жасаттым. Дәрігер химиялық улану деген диагноз қойды.
Ал, нөмірі 7-ші мектеп-лицейінің директоры, білім ордасында рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар ғана қолданылатынын жеткізді. Дегенмен, СЭС мамандары тексеру жүргізбек.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда оқушылар химиялық заттан уланып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147223/)