Себебі жанармайдың уақытылы және қажетті көлемде жетпеуінен әуе компаниясы қиындықтарға тап болған. Жанармай тапшылығын тартқан әуе компаниясы биыл жетуі тиіс 14 мың тонна жанармай келмегенін алға тартып отыр. Сондай-ақ, сұйық отын жеткізетін ірі тасымалдаушылар да жоқтың қасы.
Ал Энергетика министрлігі тапшылықты шешу үшін авиокомпанияға қосымша 2 мың тонна жанармай жеткізуді жоспарлауда. Авиакеросин жеткізетін ірі тасымалдаушылардан 700 тонна қосымша сұйық отын алынады. Сондай-ақ, министрлік авиакомпанияға керосин жеткізу үшін ірі тасымалдаушылардан бөлек коммерциялық ұсақ кәсіпкерлермен де келісімшартқа отыруды ұсынып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан әуежайында кейбір әуе рейстері тоқтап қалуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147251/)