Маңғыстау облысында 5 әскери қызметші жарақат алды. Оқиға Бейнеу ауданында кеше күндіз сағат 11-лер шамасында болған. Сарбаздар - 99116 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқандар. Аталған дерек бойынша тексеру басталды.
Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері:
Оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметші жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында 5 сарбаз жарақаттанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147269/)