![«Өмірдің өзі - театр» кітабының тұсаукесері өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76905.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақ әдебиетінің алтын қоры тың туындымен толықты. Алматыда Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаевтың «Өмірдің өзі - театр» атты кітабының тұсауы кесілді.
Сахна саңлағы бұл еңбегіне қазақ театры мен кино өнері тарландарының сахна сыртындағы әзіл-оспағын, театрдан тыс тіршілігін, қарапайым өмірдегі әртүрлі қызықты оқиғаларын және өнер жайындағы өз ой-толғамын арқау еткен.
Себебі өнер саласында тамаша талантты әртістердің күнделікті өмірдегі, қоғамдағы өнегелі істері, бір-бірімен қағысқан әзіл әңгімелері құнтталып, тасқа басылмайды. Сондықтан мұндай асыл дүниелерді жинақтап, сараптап, мұраға айналдыруды дәстүрге айналдырған абзал, дейді үзеңгілес әріптестері.
Сәбит Оразбаев, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Спектакльдердің барлығы өмірден алынады ғой. Әр болған оқиға, адам баласының бойындағы қуанышы, қасіреті, махаббаты, жерге, күнге, табиғатқа қызығуы, көзқарастары минут сайын, күн сайын құбылып жатады. Сахнаға соның өзінің керек-керек жерлерін ала береді. Зор тұлғалардың еңбегінің неге бағаланбағанын жаздым.
Әйгерім МУСИНА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Өмірдің өзі - театр» кітабының тұсаукесері өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14728/)