Еуразиялық даму банкі алдағы 5 жылда Қазақстанға 3 миллиард 800 млн доллар инвестиция салуға ниетті. Бұл жөнінде қаржы ұйымының басқарма төрағасы Президентпен кездесу кезінде айтты. Николай Подгузов мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкінің 2022-2026 жылдарға арналған Стратегиясының негізгі бағыттарымен танысырды. Банк «Солтүстік – Оңтүстік», «Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәліздерін ашуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, бірыңғай тауар өткізу желілерін құруға және Орталық Азия су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға көмектесуді жоспарлап отыр. Бұл жобаларға 1 миллиард 200 млн доллар көлемінде инвестиция құймақ. Мемлекет басшысы банктің интеграциялық үдерістерді дамытудағы белсенді рөлін атап өтті.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147292/)