![Жәнібек батырдың туғанына – 300 жыл](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76906.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халқымызда ел есінде қалған Жәнібек есімді ерлер көп. Солардың бірі - Хан Абылай тұсындағы батырлар заманында туған Ер Жәнібек. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан - Жәнібек Бердәулетұлы.
Ғұмырын қазақтың елдігіне арнап, халықтың жолында ерен еңбек сіңірген батырдың туғанына биыл - 300 жыл. Мерейлі жылға орай Алматыда «Ер Жәнібек» халықаралық қорының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті.
Жиынға қатысушылар тарихи тұлғаның асыл қасиеттерін, елді-жерді қорғаудағы азаматтығын айтып, ұлт тұлғаларын ұлықтасақ - ел бірлігі артып, айбыны асады десті.
Талғат Мамашев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының бірінші орынбасары:
Біреудің ықыласымен, қалталы азаматтардың қолдауымен өтетін шара емес. Бұл - жалпыұлттық шара. Елбасымыздың Жолдауында айтылған «мәңгілік ел» ұғымын ұлттық идеяға айналдырып жатырмыз. Бұл жастар үшін патриоттық-танымдық мәні бар үлкен шара болады деп есептеймін.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жәнібек батырдың туғанына – 300 жыл&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14731/)