Батыс Қазақстанда «Тойота» жеңіл көлігі жүк көлігіне соғысып, 31 жастағы жүргізуші қаза тапты. Апаттан кейін көлікте ес-түссіз жатқан 16 және 12 жастағы екі балаға операция жасалды. Қазір жағдайлары ауыр дейді дәрігерлер. Оқиға Орал-Кирсанов тасжолында болған. Жүргізуші алдындағы көлікті басып озбақ болғанда апатқа ұшыраған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда жол апатына ұшыраған екі баланың жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147378/)