«Жезқазған-Петропавл» тас жолында Audi жеңіл көлігі жолдан тайып, ағашқа соғылған. Көлік жүргізушісі қайтыс болды. Қалған 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өткен сенбіде қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Синоптиктердің мәліметінше кей жерлерде жауын-шашын тиісті мөлшерден 3 есе көп болған. Салдарынан соңғы екі күнде жол апаты жиіледі. Қазір дөңгелек ауыстыру бекеттерінде ұзын-сонар кезек.
Баян Байғаскина, полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:10 айдың ішінде СҚО аумағында 151 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның нәтижесінде 28 адам қайтыс болды. Және 206 адам әртүрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147391/)