Теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреді. Қазақстан қор биржасында Америка ақшасы 427 теңге 81 тиынға теңесті. Еуро 495, рубль 6 теңге. Қара алтын құны 0,23%-ке арзандады. Brent маркалы мұнай шамамен 84 доллар, WTI мұнайы 83 доллардан саудаланды. PWC сапаршылары шикізат құны 60 доллардан төмен түспейді деп болжайды. Енді бір жылда мұнай бағасы 60-77 доллар аралығында құбылатынын жазды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147431/)