Сақтандыру компанияларының табысы 13 млрд 6 млн теңгеге ұлғайды. Өткен айда жүргізілген есеп бойынша олардың кірісі 90 млрд теңгеден асқан. Қазақстанда сақтандырумен айналысатын 27 ұйым бар. Оның тоғызы өмірді сақтандырады. Биыл тұрғындармен 8600-ден аса шарт жасалған. Былтырмен салыстырғанда сақтандыру компаниясына жүгінгендер 34 пайызға артты. Жыл басынан бері 523 мыңнан аса сақтандыру шартын жасасқан азаматтарға 88 млрд теңге төленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сақтандыру компанияларының табысы 13 млрд 6 млн теңгеге ұлғайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147487/)