Қазақстан мен Ресейдің Премьер-Министрлері екі елдің транзиттік әлеуетін және аймақтық көліктік өзара байланысын нығайту мәселелерін талқылады. Оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздері және Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі басқа да бағыттар бойынша әңгімелесті. Сондай-ақ Үкімет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды талқылады.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Ресей үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147492/)