Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Павлодарда ғалым, жазушы Қуандық Пазылұлына арналған мемориалдық тақта ашылды. Ол қазақ дүниетанымының шыңында тұрған тұлға - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағы. Үлкен еңбегі Мәшһүртану ғылымына арналған. Дала кемеңгерінің 20 томдығын жарыққа шығарды. Қатарластары Керекуде ғалымдар үйі жоқ, бірақ ғалымдар отбасы бар деп әзілдейтін. Қуандық Пазылұлының 6 баласы да ғылым докторы. Әдебиет, тарих, фольклортану, этнография саласы бойынша зерттеген мол мұралары бар.
Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Бір тектілік керек-ау дейтіндей емес, тектілік өзінің бойында бар еді. Ол - қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалап кеткен үлкен ғалым. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиетіндегі қалам ұстаған ұстаздардың барлығы бас иеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәшһүртанушы ғалымның есімі ұлықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147511/)