Қызылорда облысы Шиелі ауданында кәсіпкерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды. Олар ойын-сауық орталығының иесін қорқытып, бірнеше айдан бері ақша алып отырған.
Әдеттегідей кәсіпкерге келіп, ақша алып жатқан жерінен оларды полиция жасағы құрықтады. Қылмыстық топтың жетекшісі - 29 жастағы Шиелі кентінің тұрғыны. Тінтіп-тексеру кезінде күдіктілердің қалтасынан жәбірленушіден алған үлкен сома тәркіленді. Қазір олар уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, өзге де зардап шеккендердің бар-жоғы анықталуда.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында кәсіпкерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147515/)