Елордада 7 мың доллардан астам жалған ақша тәркіленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған ақшаны сатпақ болған ер адамды ұстаған. Тергеу кезінде оның бірнеше рет құмар ойындарға қатысып, жалған ақшамен бәс тігіп жүргені де анықталды. Сондай-ақ, пысықайдың екі сыбайласы қолға түсті. Тінту кезінде олардың әрқайсысының үйінен 6-7 мың АҚШ доллары көлемінде жалған купюралар табылды. Қазір үш күдікті 2 айға қамауға алынған. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда тұрғыны жалған ақшаны ұтыс ойындарына тігіп келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147525/)