Көкшетауда карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеген екі дәмхана анықталды. Көңіл көтеру орындары рұқсат берілмеген уақытта қызмет көрсеткен. Бірінде тіпті келушілерге кальян ұсынылған. Бұл заңсыз әрекет үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 1-тармағы бойынша айыппұл салынды. Қос дәмханада карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, Көкшетауда сот шешімімен «Меруерт» мейрамханасының жұмысы бір айға тоқтатылды. Мейрамханада карантин талаптары жиі бұзылатын. Иелері ескертулерді елемеген. Бірнеше рет айыппұл салынса да, шектеулерді орындамай, тойларды өткізуді жалғастыра берген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда карантин талаптарын бұзғандар анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147527/)