Өзбекстанмен шекарада жаңа «Қорғас» халықаралық орталығы салынады. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері құрылыстың 2023 жылы басталатынын хабарлады. Шекара маңында логистикалық қызметті дамытуға басымдық беріледі. ВИЗАРТ Жауаптылардың сөзінше, сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы арқылы экспорттың үлесін 4,5 млрд долларға арттыруға мүмкіндік бар. Онда көбінесе агроөнімдерді қайта өңдеу, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өзбекстанмен шекарада жаңа «Қорғас» халықаралық орталығы салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147552/)