Елде жанар-жағармай тағы қымбаттады. Алматыдағы бекеттерде өткен аптада АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 179 теңгеге дейін өскен. Бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігі жанармайдың КСМ 3 теңгеден 8 теңгеге дейін шарықтағанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда АИ-92 бензинінің литрі 173-179 теңге, Қарағандыда 176-180 теңгеден саудаланып жатыр. Әзірге жанармай тек Атырау облысында арзан. Литрі 166 теңге шамасында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанар-жағармай бағасы тағы қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147555/)