Еуропа елдерінде 5-апта қатарынан коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп жатыр. Бұл мәлімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы баяндамасында келтірілген. Құжатқа сай, осы аптада Еуропада вирусқа шалдығу фактілері 6 пайызға артқан. Ал өткен аптада бұл көрсеткіш 18 пайызға жеткен еді. Инфекция тәулігіне, әсіресе, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде көптеп тіркеледі. Баяндаманың тағы бір дерегінше, апта сайын әлемде 3 миллионнан астам ковид жұқтыру оқиғасы анықталып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропада коронавирус 5 апта қатарынан өсіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147570/)