Алматылық эпидемиологтар инфекция жұқтырғандардың көбі - вакцина салдырмағандар деп отыр. Мәселен, бір апта ішінде коронавируспен ауырған 1033 науқастың 81%-ы егілмеген. Сондықтан алып шаһарда сенімді иммундық қабат қалыптастырып, тұрындардың 80 пайызын вакцинациялау қажет дейді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов. Айтуынша, соңғы уақытта өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғандар да індетті жиі таратып жатыр. Қоғамдық орындарда жүрген Алматының 2 800-ден астам тұрғынына «Ashyq»-тағы «қызыл» мәртебесі үшін айыппұл салынды. Үй карантиніндегі азаматтар көшеге шығып қана қоймай, сауда-ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, мейрамханаларға, тіпті, театрға кірмекші болған. Сондай-ақ ереже бұзғандар әуежайда да анықталған. Қазір қалада тексеріс күшейді.
Сәдуақас Байғабылов, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Алматыда 7 қыркүйектен 2 қарашаға дейін қоғамдық көліктерге 414 тексеру жүргізілді. Маска режимін бұзғаны үшін 507 жолаушыға айыппұл салынды. Мониторингтік топтар жұмысы тоқтамайды. Қоғамдық көліктер, сондай-ақ, әуежай мен теміржол вокзалының аумағы қатаң тексеріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда карантин режимін бұзған 2800 тұрғынға айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147590/)