Елордада соңғы екі тәулікте 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттың күрт көбеюі - ауа райының қолайсыздығымен байланысты. Көктайғақтың кесірінен қала көшелерінде кептеліс те пайда болды.
Полиция департаментінің мамандары жүргізушілерді ара-қашықтықты сақтап, жол жүру ережелерін сақтауға шақырады. Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 130 мыңнан аса апат тіркелген. Мыңға жуығында жүргізушілер мас күйінде болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147630/)