Кеше 1421 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Науқастар көп тіркелген аймақтар қатарында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Ақмола облысы бар. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 946 мыңға жуықтады. Эпид ахуалды бағалау матрицасы бойынша 4 аймақ қауіпті өңір қатарында. Олар - Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта. Өзге облыстарда жағдай тұрақты, «жасыл» статусқа ие.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде кеше 1421 адамның вирус жұқтырғаны анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147633/)