Дели ауасының сапасы «ең нашар» деңгейге дейін төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дели ауасының сапасы «ең нашар» деңгейге дейін төмендеді

05.11.2021

Үндістан астанасы Делиде ауаның сапасы «ең нашар» деңгейге дейін төмендеді. Мұны елдің Ластануды бақылау жөніндегі орталық басқармасы мәлімдеп отыр. Оның дерегінше, атмосфераның мұндай жағдайға жетуіне үнділердің «Дивали» атты діни фестивалінің басталуы да үлес қосқан. Өйткені жарықтар мейрамы кезінде халық жаппай от жағып, фейерверк атады. Сонымен қатар, күз маусымы болғандықтан, 20 миллион тұрғыны бар мегополиске көршілес орналасқан штаттарда фермерлер егістік алқаптарын өртейді.


Хабарламаларға жазылу