Нақты айтқанда «қызыл» және «сары» түспен жүрген 24 адам оқшауланбай, қоғамдық орындарда жүрген. Короновирус жұқтырып, ауырғандармен байланыста болса да, шектеу шарасын орындамаған. Оларға 159 хаттама толтырылды. Сондай-ақ соңғы төрт күнде 15 оқушы мен 3 педагогтан вирус анықталды.
Мұхамғали Арыспаев облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:Заңбұзушылықтар бойынша департамент мамандары 150 хаттама толтырып, 6 млн 927 мың 875 теңге айыппұл салып отыр. Ресейден келетін жолаушылардан 105 жолаушы Ковид-19 анықтамасыз анықталып отыр. ПТР-тест қолдану кезінде 2 адамнан оң нәтиже көрсетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда карантин талабын бұзғандарға 7 млн теңге айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147667/)