![Аида Балаева: Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 78 пайызға жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/11/5/1636114131308.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан қазақ тілінде контент жасаушылардың 5 форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттік БАҚ-та қазақтілді контенттің үлесі 78 пайызға жеткенін мәлімдеді.
«Оның ішінде телеарналардағы контент – 79,2%, баспа басылымдарда - 84,50% және интернет-ресурстарда – 59,81%. Осыдан 10 жыл бұрын мемлекеттік тілде ақпарат тарататын 6 сайт қана болса, бүгінде жағдай мүлдем бөлек», - деді министр.
Сондай-ақ, жылдан жылға қазақтілді интернет порталдардың саны да, оқырмандар қатары да артып жатқанын атап өтті. Мысалы, соңғы 2 жыл ішінде жаңадан 46 сайт ашылған.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда қазақ тілінде контент жасаушылардың 5 форумы өтіп жатыр. Шарада қазақтілді интернет кеңістігінің бүгіні мен болашағы және жаңа трендтер талқылануда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аида Балаева: Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 78 пайызға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147677/)