0:00:00
0:00:00
Кинотеатрларда билеттің бағасы 13%-ке өсті. Қазір елде билеттің орташа құны 1600 теңге тұрады. Статистика бюросының хабарлауынша, өзге өңірлермен салыстырғанда оның құны Шымкентте қымбат – 2600 теңге. Ал Семейде арзан – 1100 теңге. Биыл билет әсіресе Ақтөбе мен Қызылордада қымбаттады. Бағасы бірден 28-30 пайызға шарықтаған. Кинотеатр иелері қауымдастығының өкілдері пандемия салдарынан биылдың өзінде төрт нысан жабылып қалғанын айтады. Қазақстанда жалпы 90-нан аса кинотеатр бар.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кинотеатрларда билеттің бағасы 13%-ке өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147686/)