Нұр-Сұлтанда бір үйдің алты баласы газға уланып ажал құша жаздады. Оқыс оқиға таңғы сағат 08:00 шамасында саяжай секторының бірінде болды. Абырой болғанда балалар аман. Орташа дәрежеде иіс тиген олар жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Жыл басынан бері еліміз бойынша өрт оқиғаларының салдарынан 300-ге жуық адам қаза тапты. Бұл - былтырғымен салыстырғанда 16%-ға көп. Жалпы, орта есеппен күніне 100-150 төтенше жағдай дерегі тіркеледі. Сондай-ақ, қайғылы оқиғалардың дені тұрғын үй секторында болатыны анықталды. Сақтық шараларын күшейту мақсатында газ инспекциялары құрыла бастады. Жұмыс топтары жылыту маусымы кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алуға атсалысады. Әрі күн-сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Нұрболат Дербісов, ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмысты бастап кеттік. Енді оның нәтижесі алдағы жылдарда береді деп ойлаймын. Өйткені бұрын газды тексеретін, соны түсіндіретін мамандар жоқ еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда бір үйдің алты баласы ажал құша жаздады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147771/)