Үндістанда толассыз жауын мен бұршақ соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апаттан елдің оңтүстігіндегі Ченнай қаласы қатты зардап шегіп отыр. Қаза тапқандар туралы да мәлімет түскен. Шаһар орналасқан Тамил-Наду штатының басшылығы халыққа ылдида орналасқан аудандардан тезірек көшу қажет екенін ескертті. Су деңгейі жылдам көтеріліп, ағаштар құлап, көліктер топан судың ортасында қалған. Бұл – 2015 жылдан бері осы аймақта болған ең үлкен тасқын. Алты жыл бұрын Тамил-Надуда үлкен сел жүріп, 200-дей адам қаза тапқан еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда жауын соңы алапат тасқынға ұласты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147774/)