Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынас және халықаралық күн тәртібінің өзекті проблемалары талқыланды. Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақьастық дамып келеді. Тараптар экономиканың негізгі секторларындағы инвестициялық әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін де атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев польшалық әріптесін Варшаваның алдағы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығымен құттықтады.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147784/)