Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Ерболат Досаев Мемлекет басшысына 10 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жайлы баяндады. Сондай ақ әлемдегі инфляциялық қысымның күшейіп, азық-түлік бағасының қымбаттай түскені туралы да мәлімет берді. Ерболат Досаев Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық төлем жүйесін пилоттық режимде іске қосуға дайын екенін айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147785/)