Украинада бір тәулікте коронавирустан 793 адам көз жұмып, 25 мыңнан астам тұрғын вирус жұқтырған. Қазір Киев және Украинаның 15 облысы қауіпті «қызыл» аймақта. Соған қарамастан екпеге бей-жай қарағандар ковид сертификатын сатып алуды доғарар емес. Тексеріс кезінде Киевтегі әр оныншы COVID-сертификаты жалған болып шыққан. Сондықтан Украина билігі сертфикатты қолдан жасағандарға жазаны күшейтпек. Енді жалған құжат үшін ел азаматтары 1500 доллар шамасында айыппұл төлейді немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинада бір тәулікте 793 адам індеттен көз жұмған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147831/)