Атырауда жеке тұрғын үйде газбен жанатын қазандық жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды. Оқиға қала іргесіндегі Балауса ықшам ауданында түнгі сағат 1 шамасында болды. Куәгерлер жарылыстың екі рет болғанын айтады. Іште қалған тұрғындарды көршілері құтқарып қалған. Өрттен баспананың 120 шаршы метр аумағы жанып кетті. Зардап шеккен 2002 жылғы екі бозбаланы 90-95 пайыз, ал, 22 жастағы қызды 35 пайызға күйік шалған.
Бекен Құлниязов, Облыстық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі:
Реанимацияда жатқан екі науқастың өміріне қауіп бар. Травматология бөлімінде жатқан қызға барлық көмек көрсетіліп, ем дәрісін алып жатыр.
Нұржан Жақатаев, Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
Тұрғын үйде газбен пайдаланылатын қазандықта газ ауа қоспасының жарылысы болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда өрттен зардап шеккен 3 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147903/)