Биыл көлік жүргізушілері ақылы жолдар үшін 6 млрд теңгеге жуық ақша төлеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаржының көбі Нұр-Сұлтан-Теміртау және Нұр-Сұлтан-Щучинск жолы арқылы түскен. Ал Алматы-Қорғас жолымен жүрген жолаушылар қарашаға дейін 1 млрд теңгеден аса ақша төлеген. Елде тағы 7 жол ақылы режимге көшкенін еске салайық. Олардың кейбірі қазаннан бастап төлем қабылдайды. Мамандар тариф мөлшері 2013 жылдан бері өзгермегенін айтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл көлік жүргізушілері ақылы жолдар үшін 6 млрд теңгеге жуық ақша төлеген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147923/)