Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинді Беларусьтің Польшамен, Литвамен арадағы шекараларындағы миграциялық дағдарысты шешуге көмектесуге шақырды. Мұны неміс үкіметінің басшысы Португалия және Латвия премьер-министрлерімен өткен кездесуде мәлімдеді. Меркельдің ойынша, Беларусь-Польша шекарасына жиналып қалған босқындар – адамзатқа қарсы саясаттың құрбандары және олар үшін қандайда бір жағдай жасалуы керек.
Қазір Беларусьтен Польшаға мыңдаған мигрант өтуге әрекеттеніп жатыр. Олар – негізінен Таяу Шығыс елдерінен, Ауғанстаннан және Африкадан. Еуропа одағына сенсек, президент Александр Лукашенко оларды әдейі поляк жеріне жіберіп жатыр. Сондағы мақсаты – санкция үшін кек алу. Дегенмен ресми Минск мұны жоққа шығарып келеді. Өзге бір болжамдарға қарағанда, бұл дағдарысты Путин Еуропаны тұрақсыздандыру үшін ұйымдастырды. Алайда Кремль бұны мойындамай отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Меркель Путинді миграциялық дағдарысты еңсеруге көмектесуге шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147946/)