Францияда «Диснейленд» қызметкерлері шеруге шықты. Олар жалақыны өсіруді талап етіп, ауысымдық жұмыс уақытына көңілі толмайтындарын мәлімдеп отыр. Акцияны ұйымдастырған кәсіподақ өкілдерінің сөзінше, ойын-сауық паркінің қызметкерлері 10 сағат жұмыс істеп, тек бір күн демалады. Демонстранттар мұны өзгертуді қалайды. Ал «Диснейленд» басшылығы кәсіподақтармен осы талаптарға қатысты келіссөз жүріп жатқанын және жалақыны жылына 3 пайызға көтеруге келіскенін мәлімдеп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Францияда «Диснейленд» қызметкерлері шеруге шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147947/)