![Қызылордалықтар Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап ас берді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76939.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылорда облысының әкімдігі Алаштың аяулы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға ас беріп, рухына құран бағыштады.
Еске алу шарасына жиналған Сыр өңірінің ақын-жазушылары ақиық ақынға арнау арнап, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, көпшілік назарына жауһар жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның шығармашылық өмірінен қысқаша бейнематериал ұсынылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: «Елі тұрғанда Фариза ақынның есімі ешқашан өшпек емес», - деді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордалықтар Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап ас берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14795/)