Семейде тұрғындарды жиһазға тапсырыс аламыз деп алдаған ерлі-зайыптылар сотталды. Алаяқтық жолмен олар 41 миллион теңгеге жуық қаржыны қолды қылған. Қылмыскерлер әлеуметтік желіге жарнама берген. Келген адамдарға жиһаздың суретін көрсетіп, түр-түсін ақылдасып, ақшасын алған соң түбіртекке дейін жазып беріп, сенімдеріне кірген. Осылайша олар 140-тан астам қала тұрғынынан алдын ала ақша жинаған. Бірақ уәделерін орындамаған. Сот оларды кінәлі деп тапты.
Торғын Құдайбергенова, қалалық №2 соттың судьясы:
Көшербаеваны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, Айтқалиевты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде алаяқтығы үшін ерлі-зайыптылар бас бостандығынан айрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147978/)