Астанада бірден 7 көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Mercedes мінген 42 жастағы жүргізуші Түркістан көшесі арқылы Орынбор көшесіне қарай жүріп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. Қатты соққыдан алдында тұрған алты көлік бір-біріне соқтығысқан. Жол апатынан төрт жүргізуші мен бір жолаушы жарақат алды. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада ірі жол апаты болып, 7 көлік соқтығысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148010/)