Тәуелсіздік жылдарында өз мамандығының хас шебері атанған жүзден астам маманға мерекелік сыйлық табысталды. Игі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
Білім өркениеті ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 500 үміткер қатысты. Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосқан мамандардың арасынан 120 азамат «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атына лайық деп танылды. Олардың арасында білім, медицина және ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=100-ден астам маманға мерекелік сыйлық табысталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148045/)