![VIII «Шаттық» қалалық байқауы басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76946.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада Ұлттық Дельфий ойындары бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік іс-шараға Астана қаласының 40-тан астам мектеп, техникалық және кәсіптік лицей оқушылары қатысты.
Олар байқауда «Хореография» жанры бойынша сынға түсті. Мақсат - ұлттық салт-дәстүрді дамыту арқылы дарынды балаларды қолдау. Айта кетейік, байқау ақпан айының 11 мен 15 аралығында өтеді.
Оған қаланың 78 білім мекемесінен барлығы 6 мың оқушы қатысып, 8 жанр бойынша бақтарын сынамақ. Ал, жүзден жүйрік атанғаны 2014 жылы өтетін қалалық Дельфий ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.
Жұлдызай Тұрсынова, байқау қатысушысы:
Біз мұнда қазақ және орыс билерін билейміз. Біз өте күшті дайындықпен келдік. Және бірінші орын аламыз деген үміттеміз.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=VIII «Шаттық» қалалық байқауы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14809/)