Түркістан облысында екпе қабылдағандардың саны миллионнан асты. Ал екінші компонентті 950 мыңға жуық тұрғын салдырған. Мамандардың сөзінше, қазір тәулігіне 900-ге жуық адам екпе кабинеттеріне келеді. Нәтижесінде өңірде індет жұқтырғандар саны күрт төмендеген. Мәселен, соңғы тәулікте тек 14 адамда COVID-19 індеті анықталған. Аймақтағы екпе пункттерінде қазір жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге файзер вакцинасы салынуда. Себебі соңғы кезде жүкті әйелдердің ковидке шалдығуы жиілеген.
Нұрхан Нарымбетова, Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:
Бізде бір жағдацы ауыр әйел жатыр. Ал күнде, мысалы, 70-тей әйел пневмониямен ауырып жатыр. 16 аптадан 36 аптаға дейін вакцина алуға болады деп отыр. Жүкті әйелдердің келісімімен вакцина егеміз. Егер келіспесе, салынбайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында екпе салдырғандар миллионнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148099/)