Бүгін зейнетақы реформасын жасаған белгілі қаржыгер Дәулет Сембаев қайтыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткерінің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Дәулет Хамитұлы – саналы ғұмырын отандық қаржы саласының дамуына арнаған жан. Ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуіне елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға. Ол еңбек жолын қатардағы зауыт шеберінен бастап Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, Парламент Сенатының депутаты қызметтерін абыроймен атқарды. Қаржыгерлер ассоциациясы кеңесінің төрағасы ретінде қаржылық-экономикалық заңнаманы жетілдіру үшін ауқымды әрі нәтижелі жұмыс істеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Дәулет Сембаевтың отбасына көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148104/)